Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы
1,541
оқылды

"Қазгидромет" 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

Республиканың батысында және оңтүстігінде ғана күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Ел бойынша жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында кей уақытта тұман күтіледі.

Ел аумағының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.