Қаржы министрлігі 2024 жылғы 1 тамызға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп жариялады.
Бюджет тапшылығы – 1,2 трлн теңге
442
оқылды

Құжаттағы сандардан бюджет кірісінің алты айдағы жоспары 11,5 трлн теңге болғанымен, қазынаға түскені 10,2 трлн теңге екенін көруге болады. Яғни, бюджет кірісінің тапшылығы 1,29 трлн теңге болған.

Жоспардың орындалмауына салық түсімдерінің ойдағыдай болмауы қатты әсер еткен – 7,75 трлн теңгенің орнына 6,06 трлн теңге кірген. Яғни, салық түсімдерінің тапшылығы 1,69 трлн теңгеге дейін жеткен. Алайда мемлекет меншігіндегі активтердің кірісі, бюджет кредиттерінің сыйақысы сияқты салықтық емес табыстар артығымен орындалған – 120,6 млрд теңгенің орнына 876,8 млрд теңге түскен.

Ал Ұлттық қордан алынуы керек болған 3,4 трлн теңгенің орнына 2,9 трлн теңге игерілген.

Осының бәрі бюджет шығысының да толық орындалмауына әсер етсе керек, 13,6 трлн теңгенің орнына 12,9 трлн жұмсалған.