Кеңесші алдымен партияның Байзақ аудандық филиалы «Кітап- AMANAT» орталығында ауданның белсенді әйелдер қауымы, маслихат депутаттары мен БПҰ төрайымдарымен кездесіп, қоғамдағы әйел қауымының қызметі мен белсенділігі және отбасы, бала тәрбиесіндегі әйелдердің рөлі турасында еркін форматта кеңес өткізді. Шара барысында ол партия тарапынан әйел кәсіпкерлерге қолдау, оның ішінде әйелдер қанаты тарапынан жасалатын жұмыстар мен қолдаулар жайында айтып өтті. Сондай-ақ қойылған сұрақтарға жауап беріп, партияның аудандық филиалы әйелдер қанаты кеңесшісі ретінде аталмыш филиалдың ұсынысымен партия мүшесі Күнсая Амирова сайланды. Сапар барысында «Ауыл аманаты» партиялық жобасы аясында Үлгілі ауылының тұрғыны, маслихат депутаты, кәсіпкер Ләйла Беспаеваның «Қыз жасауы» тігін цехында болып, ұжымның жұмысымен танысты. Сондай-ақ Жетібай ауылындағы жеке кәсіпкерлер Индира Оралбекова мен Нұрсұлу Сайлаубекованың бірлесіп ашқан черепица және профнастил шығару цехының жұмысын көріп, сәттілік тіледі.
Келесі кезекте кеңесші Жамбыл ауданына табан тіреп, аудандық мәслихат фракциясының әйел мүшелері, облыстық мәслихаттағы ауданнан сайланған әйел депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының әйел төрағаларымен және «Ауыл аманаты» жобасы аясында несие алған әйелдермен кездесу өткізді. Бұл ауданда да партияның аудандық филиалы әйелдер қанаты кеңесшісін бекітіп, одан кейін Қаракемер ауылдық округіндегі кәсіпкер Жайна Бекназарова ашқан жеке кәсіптің жұмысымен танысты.