Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.
«Қордай» бекеті арқылы 8 тонна балықты заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
515
оқылды

Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қордай» ветеринариялық бақылау пунктінде Қырғыз Республикасына балық өнімдерін заңсыз өткізу әрекеті анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пункттің ветеринариялық-санитариялық инспекторы жүргізген тексеру барысында екі автомобиль тасымалданатын өнімге тиісті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз 8 тонна балық өнімін тасымалдағаны анықталды.

Автокөлік жүргізушілеріне айыппұл салынып, жүк қайтарылды.

Жүргізушілерге ветеринариялық бақылаудағы жануарлардан алынатын өнімдерді тасымалдауға қатысты ветеринариялық заңнаманың талаптары, сондай-ақ мемлекеттік шекарадан өту үшін барлық қажетті құжаттарды алудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.