«Қазгидромет» синоптиктері 28 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады, дауыл соғады. Сонымен қатар түнде орталық аймақта нөсер жауын күтіледі.
Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болып, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.