ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары балл жинап, оқуға түсе алмай қалған талапкерлердің шағымын ескере отырып, қосымша білім беру гранттарын тағайындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді.
Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін сонда барулары қажет.
Грант иегерлерінің тізімін мына жерден көруге болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.