Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді. 
2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
729
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.