Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтілуде.
Қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
5,792
оқылды

"Қазгидромет" РМК қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады деп күтілуде, тек республиканың батысында қыркүйектің басында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Қыркүйекте республиканың солтүстік жартысында жауын-шашын ай бойы жиі жауады, үзіліс 1-3 күнге созылады. Кей күндері республика бойынша қатты жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысында жиі тұман күтіледі.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде ауа температурасы:

республиканың батысында түнде +8+15°С, күндіз +23+30°С;

республиканың оңтүстік-батысында түнде +17+25°С, күндіз +28+35°С, тек кей күндері ауа температурасының шамалы төмендеуі байқалады;

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде +3+10°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +22+27°С-қа дейін; Қостанай облысында түнде +2+7°С-тан, топырақ бетінде үсік болуы ықтимал, +8+13°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.

Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін.

Республиканың шығысында ауа температурасы түнде +8+16°С-тан +2+7°С-қа дейін, онкүндіктің екінші жартысында үсік болуы мүмкін, күндіз +12+23°С-тан +17+25°С-қа дейін ауытқиды;

 Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы +22+30°C-тан +17+23°C-қа дейін ауытқиды деп болжануда.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде ауа температурасы +3+8°С, кей күндері үсік болуы ықтимал, күндіз ауа температурасы  +12+19°С-тан +21+26°-қа дейін ауытқиды;

Республиканың батыс және оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +7+15°С болады деп болжануда, топырақ бетінде үсік болуы мүмкін; күндіз +25+35°С-тан +15+23°C-қа дейін ауытқиды.

Үшінші онкүндікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбырдың соңы қарға айналуы мүмкін.

Бұл болжам консультативтік болып саналады, оны нақтылау үшін онкүндік және апталық болжамдар шығарылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.