Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік-батысында тұман күтіледі.
Жаңбыр, бұршақ, тұман: 4 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
1,625
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 4 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, солтүстік-батысында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауып, еліміздің орталық аймақтарында бұршақ, дауыл күтіледі. Елдің қалған бөлігінде антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңғы уақыттарда солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады.

Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының орталығында, Қызылорда облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.