Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты.
Сарыөзек гарнизонында әскери қызметші қару-жарақ ережесін сақтамаған
Фото: kazpravda.kz
1,293
оқылды

Әскери қызметші қару-жарақ қолдану ережесін сақтамай, соның салдарынан оқ жарақатын алған. Бұл ақпаратты ҚР Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2024 жылғы 2 қыркүйекте Сарыөзек гарнизонындағы 12740 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі қару-жарақты қолдану ережесін бұзу салдарынан оң қолынан жарақат алды. Әскери қызметші Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға жатқызылып, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада. 

Ақпаратта айтылғандай, қазір әскери қызметшінің денсаулық жағдайы бірқалыпты.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – дейді құрлық әскерінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.