Заңда "электр зарядтау станциясы" ұғымы көзделген, электр зарядтау станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және электр энергиясын тұтынудың тұрмыстық емес сипаты айқындалған.
Электрокөлік иелеріне өз үйінде зарядтағаны үшін айыппұл салына ма?
Фото: istockphoto.com
682
оқылды

Электрокөлік иелері көлігін өз үйінде зарядтағаны үшін айыппұл салынатыны туралы ақпарат көпшіліктің наразылығын тудырды. 

Мәжіліс депутаты БАҚ-та көтерілген сұрақтарға ҚР Энергетика министрлігі баспасөз қызметі жауап бергенін атап өтті.

Заңда "электр зарядтау станциясы" ұғымы көзделген, электр зарядтау станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және электр энергиясын тұтынудың тұрмыстық емес сипаты айқындалған. Сонымен қатар, электр желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салу және осы тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді. 

Электрокөлік иелеріне алаңдауға негіз жоқ: егер сіз жаңа техникалық шарттарды алсаңыз және оны орындасаңыз, электрокөлікті өз үйіңізде зарядтау үшін айыппұл салынбайды. Жеке үйлерде электр зарядтау станцияларын қосу үшін қосымша келісімшарт жасау қажет болады. 

Заңда, егер жаңа техникалық шарттар алынып, сақталса, тұрғын үй кешендерінің паркингтерінде де электр зарядтау станцияларын орнату мүмкіндігі қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.