Жеке ұшақтары бар іскер адамдар автокөлік, пойыз бен кемелерден гөрі іссапарларға ұшақты көп қолданады. Олар 500 шақырымнан аз жерге баруға да ұшақты таңдайды екен.
Бай адамдар жеке ұшақтарын такси сияқты пайдаланады
Бай адамдар бизнес-джетті такси сияқты қолданады. Фото pilotgid.ru сайтынан алынды
1,460
оқылды

Aikyn.kz жеке ұшақтардың қоршаған ортаға қаншалықты зиян екенін Communications Earth & Environment журналының зерттеуіне сүйеніп талдайды.

Іскер адамдар маңызды кездесулерге уақытты үнемдеу үшін бизнес-джеттерді қолданады. Фото jets.ru сайтынан алынды

Жеке реактивті ұшақтардың жартысы 500 шақырым аз қашықтыққа көп қолданылады екен. Қаржылық мүмкіндігі мол кәсіпкерлердің баратын жерлері қарапайым адамдармен салыстырғанда көп. Бірақ олар маңызды кездесулеріне баруға басқалар сияқты жол көліктерімен бармайды. Олар уақытты үнемдеу үшін тым қысқа қашықтықтарға да бизнес-джеттермен барғанды қалайды.

Жақында Communications Earth & Environment академиялық журналында жарияланған мақалада бұндай дағдылардың халықтың қалған бөлігі үшін зияны да бар екені жазылды. Зерттеушілер Стефан Гесслинг, Андреас Хампе және Хорхе Кардозу Лейтау: 

«Бизнес-джеттердің рейстерін талдау оларды демалысқа, мәдени және саяси іс-шараларға арналған саяхаттарға жиі қолданылатынын растады. 2019 және 2023 жылдар аралығында іскерлік авиацияның көміртек шығарындылары 46%-ға өсті, бұл қарқынды өсу ары қарай жалғасуда», – деген қорытындыға келген.

Бұл өсім 15,6 метрикалық тонна көмірқышқыл газы немесе барлық жаһандық авиациялық шығарындылардың шамамен 2%. 

«Уақыт – ақша» формуласына бағынған бай адамдар жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, әуекемесін қолданады. Фото jetvip.ru сайтынан алынды

«Климаттың өзгеруіне теріс үлес қосатын жеке авиация» баяндамасында бұл рейстердің жартысы 500 шақырымнан қысқа болатыны атап өтілген. Бұл шамамен Филадельфия мен Питтсбург арасындағы қашықтық. Олардың ішінде 50 шақырымнан қысқа рейстер кездеседі: Бруклиннен (Нью-Йорк) Нью-Хейвенге (Коннектикут) дейінгі қашықтық.

Әл-ауқаты жоғары адамдар неліктен коммерциялық рейстерді қолданбайды немесе көміртек шығарындысы аз көлік түрлерін пайдаланбайды?

Зерттеушілер бай адамдар көп жағдайда уақытты үнемдеу үшін өздеріне ыңғайлы болғандықтан, автомобильдің орнына іскерлік авиацияны таңдайтынын айтады. «Уақыт – ақша» формуласына бағынған заманда бай адамдардың жұмыс кестесі тығыз болғандықтан, олар қысқа мерзімде көптеген жерлерге барып үлгеру үшін әуекемесін қолданады.

Кейбір іскер адамдар бейсенбіде жұмыстан үйіне бару үшін, дүйсенбіде жұмысқа келу үшін әуекемесін қолданады. Фото in.pinterest.com сайтынан алынды

Кейде байлар жеке ұшақтарға такси сияқты қарайды. Америкалық танымал брокерлік фирманың басшысы әр бейсенбі күні кешке Хэмптондағы үйіне бару үшін тікұшақты қолданып жүреді. Дүйсенбі күні таңертең тікұшақпен Нью-Йоркке жұмысқа келеді. Бірақ ол өзінің қоластындағы қызметкерлердің жұма күні жұмысқа келмейтінін байқайды.

Оларды жұмаға жұмысқа келуге ынталандыру үшін фирма басшысы жұма күні кешке Хэмптонға ұшатын тікұшақ сатып алатынын жариялайды.

Осыдан кейін фирманың брокерлері жұма күндері толық жұмыс орнында болып, үйлеріне тікұшақпен барып, дүйсенбіде жұмысқа кешікпей келетін болған. Жақсы сауда жасаған қызметкерлерде Вегас және басқа да жерлерге ұшып баруға фирма арнайы ұшақтар сатып алған.

Бірақ қазіргі пікірталастар бай адамдарды қоршаған ортаға жауапты болуға шақырады, ол үшін автомобиль көлігімен, пойызбен, кемемен баратын жерлерге бизнес-джеттерді аз қолдануға кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.