Жол қауіпсіздігін сақтауда ақылды камераларды қолдану өзінің тиімді тәсіл екенін дәлелдеп берді. Енді камераның көмегімен мас жүргізушілерді де анықтауға болады.
Мас жүргізушіні жасанды интеллект камералары анықтайды
Екі рет жол апатына түскен атақты британдық комик Роуэн Аткинсон McLaren F1 көлігін 12 млн долларға сатып жіберген. Фото driving.co.uk сайтынан алынды
943
оқылды

Aikyn.kz жүргізушілердің мастығын мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты анықтайтын камералардың техникалық сипаттарын BBC хабарламасына сүйеніп талдайды.

Алкоголь немесе есірткі қабылдаған жүргізушілерді ЖИ-мен жұмыс істейтін жаңа камералар анықтайды. Фото BBC сайтынан алынды. Авторлығы: Vison Zero South West

Алғаш рет жасанды интеллект (ЖИ) камералары мас жүргізушілерді анықтайтын болды. Heads-Up (Сақтаныңыз) құрылғысы алғаш рет британдық Девон мен Корнуолл графтігінде іске қосылады. Алкоголь немесе есірткі қабылдаған мас жүргізушілер сынақтан өтіп жатқан ЖИ-мен жұмыс істейтін жаңа камералармен анықтала бастады. Заманауи Heads-Up жүйесі жолдағы мінез-құлықты және алкогольдік немесе есірткілік мас күйіндегі жүргізушілердің мінез-құлық ерекшеліктерін тануға қабілетті.

Камера күдікті жүргізушіні байқап, жол сақшыларына хабар береді. Жол офицерлері көлікті тоқтатып, жүргізушімен сөйлесіп, алкоголь мен заңсыз есірткіге тест жүргізеді. Ұлыбританиядағы ақылды камераны әзірлеуші Acusensus компаниясының бас директоры Джефф Коллинз:

«Біз Девон мен Корнуоллда осы технологияның әлемдегі алғашқы сынақтарын өткізіп жатқанымызға қуаныштымыз», – дейді.

Мобильді камераны кез келген округтегі әртүрлі жолдарға ескертусіз жылдам орнатуға болады. Жүргізушілер өздерін полиция тоқтатпайынша ақылды құрылғының күдікті іс-әрекетті тіркегенін білмей де қалады.

Ішімдік ішкен жүргізушілердің өлімге әкелетін жол апаттарына ұшырау ықтималдығы алты есе жоғары. Heads-Up өмірді сақтауға көмектеседі. Фото BBC сайтынан алынды. Авторлығы: Vison Zero South West

Джефф Коллинз мырза: «Егер біз ереже бұзушылықтарды адам өмірін қиюы мүмкін жол апатынан бұрын анықтай алсақ, бәріміз қауіпсіз боламыз», – дейді.

Acusensus камераларын бұрын полиция көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланған немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді анықтауда пайдаланған.

Ішімдік ішкен жүргізушілердің өлімге әкелетін жол апаттарына ұшырау ықтималдығы алты есе жоғары болғандықтан, Девон мен Корнуолл полициясы Heads-Up өмірді сақтауға көмектеседі деп үміттенеді. Полиция бастығы Саймон Дженкинсон оның командасы 22 530 км жолды бақылайтынын айтады:

«Біздің офицерлер барлық жерде бола алмайды. Vision Zero South West жол қауіпсіздігі бағдарламасына қатысушы болғандықтан біз жолдағы өлім мен ауыр жарақаттардың санын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз. Бұл талпыныста осы камералар сияқты жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды», – дейді жетекші офицер.

Сынақ желтоқсан айында өтеді және басқа да көліктегі маскүнемдікке қарсы науқандармен бірге жүргізіледі.

Голливуд жұлдызы Бен Аффлектің 10 жастағы баласы Сэмюель қымбат Lamborghini көлігімен артында тұрған BMW-ге соқтығысқан. Ешкім зардап шекпегені қуантады. Фото tmz.com сайтынан алынды

«Әлемде 1,2 миллион адам жыл сайын жол апатынан көз жұмады. Қазақстанда 3000 адам». Aikyn.kz осындай атаумен «Vision Zero» деп аталатын жол қауіпсіздігінің жаңа тұжырымдамасын іске асырған Швецияның тәжірибесі туралы жазған еді. Жаяу жүргінші мен көліктің жолдағы қарым-қатынас моделін түбегейлі өзгерткен Швецияда жол апатынан қайтыс болатындар саны 0-ге жақындап келеді. Ал Қазақстанда өсіп жатыр.

Адамдардың ойлауын өзгерту үшін Швеция билігі Vision Zero презентацияларында қолданылған иллюстрациялар сериясын жасауға тапсырыс берген. Оларда күнделікті қала көшелеріндегі көріністер көрсетіледі. Бірақ көлденең кинетикалық энергияны – яғни көлік жылдамдығынан болатын қауіпті – биіктік арқылы көрсетіп жаяу жүргіншілерге жолдағы қауіптің қаншалықты зор екенін көрсетеді.

Төмендегі иллюстрациялар сол презентациядан:

Суретке мұқият қарасаңыз жаяу адамдардың қасынан жоғары жылдамдықпен өтетін көліктерді тік құзға теңестірген. Тар көпірмен жүріп келетін адам мен жолға қолын созған сәбидің тағдыры қандай қорқынышты! Кез келген сәтте көлік қағып кетуі мүмкін. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: STA

Швециялық бағдарлама жолдағы қауіпті көрсету үшін жылдамдықты биіктік арқылы көрсететін жолдардың суреттерін пайдаланды. Фото BBC News сайтынан алынды. Авторлығы: STA

Жол қауіпсіздігі ережелерін қолайсыз ауа-райында, қыстағы мұз бен қарда сақтау көлік жүргізушіге де, жаяу адамға мұқият болуды талап етеді. Бір-бірімізге құрметпен қарасақ мыңдаған бала мен ересектердің өмірін сақтай аламыз. Әр күнгі сапарыңыз сәтті болсын!

Мына видеода мистер Бин көлікті қалай жүргізуге болмайтынын көрсетеді:

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.