Дональд Трамптың инаугурациясына бірнеше күн қалғанда танымал криптовалютаның бағасы неге өскенін Aikyn.kz кеше Quartz сайты жариялаған хабарламаға сүйеніп түсіндіреді.
Дүйсенбі күн (13 қаңтар) жетекші криптовалютаның нарықтық құны 102 754 доллар болды. Фото Fplasbit.com сайтынан алынды
Биткоин осы аптада 10 000 долларға қымбаттады. Дүйсенбі күнгі (13 қаңтар) таңертеңгі жағдай бойынша жетекші криптовалютаның нарықтық құны 3%-ға өсіп, бір биткоин 102 754 доллар болды. АҚШ-тағы инфляция мен банк кірістері туралы жаңа деректер алдында 90 000 доллар болған криптовалютаның бағасы бірнеше күнде 10%-ға өскен.
Трамп сайлаудағы жеңісінен кейін криптовалюта нарығындағы инвесторлардың жақсы көңіл күйі анық көріне бастады. 5 қарашада биткоин шамамен 69 000 долларға сатылған еді. Президент сайлауынан кейінгі бірнеше айда танымал цифрлық актив жақсы өсім көрсетті.
Дональд Трамп: «100 000 доллар!!! ОҚАСЫ ЖОҚ!!! Біз бірге Американы тағы да ұлы жасаймыз!». Фото indiatoday.in сайтынан алынды
5 желтоқсанда биткоиннің бағасы алғаш рет 100 000 долларлық межеден асты. Трамп сол күні таңертең Truth Social әлеуметтік медиа платформасында:
«БИТКОИНЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 100 000 доллар!!! ОҚАСЫ ЖОҚ!!! Біз бірге Американы тағы да ұлы жасаймыз!» деген жазба қалдырды.
Сол айдың соңында биткоин 106 000 доллардан асатын барлық уақыттағы ең жоғары деңгейіне жетті. Содан кейінгі апталарда 100 000 долларлық деңгей бірнеше рет қайталанды. Нарықтағы криптовалютаның құнының құбылуы АҚШ-тағы инфляцияның қайта көтерілуіне қатысты алаңдаушылықтармен түсіндіруге болады.
Бірақ сәрсенбіде жарияланған желтоқсандағы тұтыну бағасының индексі біршама тұрақтылық алып келді. Еңбек статистикасы бюросының есебі бойынша, азық-түлік пен энергия шығындарын қоспағандағы негізгі тұтыну бағасының индексі (CPI) 0,2%-ға ғана өсіп, жылдық 3,2%-ды құраған.
Президент Трамп биткоиндердің стратегиялық ұлттық қорын құрып, барлық биткоиндерді АҚШ-та өндіргісі келеді. Сурет cnss.gov.lb сайтынан алынды
«Сәрсенбі күнгі CPI деректері күтілгеннен де әлсіз болды. Өткен жұмадағы жұмыспен қамту деректерінен кейін ФРЖ 2025 жылы әлі де пайыздық мөлшерлемелерді төмендете алатынын көрсетті», – дейді Regan Capital-тың бас инвестициялық директоры Skyler Weinand.
Инвесторлар сонымен қатар дүйсенбіде қызметке кірісетін Трамп цифрлық активтерді қолдануды және оны заңдастыруды қолдайды деп үміттенеді. Президенттік сайлау науқаны кезінде ол биткоиндердің стратегиялық ұлттық қорын құруға шақырып, барлық биткоиндерді АҚШ-та өндіру керектігін айтып, биткоиннен басқа бірнеше криптографиялық жобаларды қолдайтынын жариялады.
Сайланған президент өзінің командасына криптовалюта нарығына жылы қарайтын адамдарды да шақыра бастады. Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның төрағасы Гари Генслер қызметінен кеткеннен кейін, криптовалютаны қолдаушы Пол Аткинсті төраға етіп тағайындады. Бұл қадамдарды крипто индустриясы құптайтыны белгілі болды. Трамптың инаугурациясына 4-5 күн қалғанда биткоин бағасының тұрақты өсуі біздің сөзімізге дәлел бола алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.