Aikyn.kz жеке деректерді сақтаудың қиындығын, оларды қорғаудың тәсілдерімен bgr.com сайтындағы хабарламаға сүйеніп таныстырады.
Жеке деректерді ұрлау көптеген жағдайда деректер брокерінен немесе адамдарды іздеу сайтынан басталады. Бұл компаниялар сіздің жеке ақпаратыңызды жинаумен және сатумен ғана айналысады. Олар шынымен қоғамға зиянды кәсіппен айналысады. Бұндай құрылымдар сіздің аты-жөніңізді, электрондық пошта мен телефон нөмірлерін, үйіңіз бен кеңсеңіздің мекенжайын, тіпті сіздің әлеуметтік сақтандыру нөміріңізді де сатуға дайын.
Бұл бүгінгі цифрлық әлемнің үлкен мәселесі, бірақ жағдайды бақылауға алуға және деректер брокерлерін тоқтатудың жолы бар. Көп жағдайда деректер брокерлері адамның жеке ақпаратын жалпыға қолжетімді жазбаларды қарау арқылы табады. Сіздің жеке ақпаратыңыз оларға не үшін керек? Қаскөйлер мен алаяқтар, спамерлер және басқа да теріс ниеттілер адамдардың жеке деректерін интернеттегі ашық көздерден, жеке жазбалардан іздемейді. Бұл тым көп уақыт пен күш-жігерді қажет етеді. Олар деректер брокеріне барып, жүздеген немесе мыңдаған адамның жеке деректерін сатып алады. Жеке деректер қаскөйлерге спам жіберу немесе алаяқтық әрекеттер жасау үшін керек.
Адамдар өз бетінше интернеттен жеке ақпараттарын жоя алады. Бірақ бұл тым көп уақытты және біліктілікті қажет етеді. Фото pexels.com сайтынан алынды
Сіздің жеке ақпаратыңыз деректер брокерлерінің қолына түссе, оны алаяқтар мен спамерлер сатып алуы мүмкін. Ал, сіздің жеке мәліметтеріңіз деректер брокерлерінің дерекқорынан жойылса, мәселе жеңіл шешіліп, сіздің қауіпсіздігіңіз артады.
Адамдар өз бетінше интернеттен жеке ақпараттарын жоя алады. Бірақ бұл тым көп уақытты және біліктілікті қажет етеді. Жүздеген деректер брокерлері мен адамдарды іздейтін сайттар бар және олардың көпшілігінде сіздің жеке деректеріңіз болуы мүмкін. Өкінішке орай, оларға жою сұрауларын жіберу үшін әртүрлі талаптар мен процедуралардан өту керек.
Біріншіден, сіздің жеке ақпаратыңыз сатылатын әрбір сайтты табу керек. Одан кейін оның жою процедурасын табу үшін сайтты зерттеу керек болады. Бұл көбінесе сіз кім екеніңізді дәлелдейтін көп сатылы процесс, бұған уақыт пен күш жұмсалады. Содан кейін ғана жеке деректерді жою туралы сұрауыңыз өңделеді. Деректер брокері жеке ақпаратты белгілі бір уақытқа ғана (1 ай, 3 ай) жояды, бірнеше жылдан кейін сіздің жеке ақпаратыңыз қайтадан сатылымға шығуы мүмкін.
Бұл – әділетсіздік. Бақытымызға орай, деректер брокерінің веб-сайттарынан жеке деректеріңізді жылдам әрі мәңгілікке автоматты түрде жоюдың әлдеқайда оңай жолы бар. Ол үшін Incogni сияқты сервисті қолдануға болады.
Incogni ақпаратыңызды тапқан сайын сіздің атыңыздан жою сұрауын жібереді. Фото knowtechie.com сайтынан алынды. Авторлығы: Incogni
Бұл қалай жұмыс істейді? Incogni жүйесіне тіркелгеннен кейін сіз үш телефон нөмірін, үш электрондық пошта мекенжайын және үш физикалық мекенжайды бересіз. Содан кейін Incogni интернетті тексереді және жеке деректеріңізді сататын сайттарды анықтайды. Incogni 200-ден астам әртүрлі деректер брокерлерін және адамдарды іздеу сайттарын бақылайды. Мұны өзіңіз жасау үшін қанша уақыт қажет болатынын елестетіп көріңіз.
Incogni ақпаратыңызды тапқан сайын сіздің атыңыздан жою сұрауын жібереді. Сондай-ақ бұл сервис жеке ақпаратыңыздың қашан жойылатынын білу үшін әрбір сұраудың күйін көруге болатын басқару тақтасын ұсынады.
Сервистің ең маңызды жұмысы: сіздің ақпаратыңыз жойылғаннан кейін де деректер брокерінің сайтында қайта пайда болдырмас үшін, Incogni осы деректер брокерлерінің барлығын және адамдарды іздеу сайттарын үнемі қадағалап отырады. Егер жеке ақпаратыңыз жойылғаннан кейін бір жыл, екі жыл немесе тіпті он жылдан кейін қайта пайда болса, Incogni режимі есептік жазбаңыз белсенді болса, ұдайы ақпаратты жою сұрауын жіберіп отырады.
Incogni деректер брокерлерін және адамдарды іздеу сайттарын үнемі сүзгілеп отырады. Фото businessinsider.com сайтынан алынды
Міне, Incogni сияқты қызмет алтынмен тең. Ықтимал алаяқтықтан, фишингтен, спамнан, қажетсіз маркетингтен және тағы басқалардан қорғайтын кез келген сервис бүгінгі заманда өте маңызды. Incogni ұсынатын қызмет ақылы болғанымен, көпшілікке қолжетімді деп айтуға болады.
Жеке жоспар (айлық): $14,98
Отбасы және достар жоспары (айлық): $32,98
Жеке жоспар (жылдық): $89,88 (айына $7,49)
Отбасы және достар жоспары (жылдық): $197,88 (айына $16,49)
Жеке жоспар аты айтып тұрғандай бір адамды қамтиды. Егер сіз бүкіл отбасыңызды қорғағыңыз келсе, бұл тарифтік жоспар бес адамға арналған.
Алғашқы тіркелгеннен кейін бірнеше апта ішінде отбасы мүшелері автоматты қоңыраулардың, спамның, алаяқтық әрекеттердің, электрондық пошта спамының, фишингтің және басқа жағымсыз әрекеттердің айтарлықтай азайғанын байқайды.
Жеке деректердің интернетте қорғалуына, қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауды ұсынамыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.