«Желден жүйрік» деген теңеу осындай көліктерге айтылған шығар. Бұндай жылдам көліктің иесі болғыңыз келсе төмендегі мақаланы оқыңыз.
Жаңа электрлі көлік 4 секундта 100 км/сағ жылдамдыққа жетеді
Volvo-ның болашақ келбеті осындай болмақ. Фото trans.info сайтынан алынды. Авторлығы: Piqsels / CC0
837
оқылды

Америкалық slashgear.com сайты тағы бір ұшқыр көлік туралы жазды. Танымал брендтің қайта жаңғыруы туралы осы материалды Aikyn.kz талдайды.

ES90 моделі 700 км жолды бір ғана қуатталған батареялармен жүріп өтеді. Фото insideevs.com сайтынан алынды. Авторлығы: Volvo

Өткен айда Volvo технологиялық электрлік ES90 үлгісін алғаш рет көрсетті. Сол кезде автокөліктің дизайны мен қандай қашықтыққа дейін қуаттаусыз жете алатыны туралы мәліметтер аз болған. Volvo енді жаңа электромобильдің қай нарықтарда алғаш қолжетімді болатынын, техникалық сипатына байланысты біраз ақпарат жариялады.

Аустрия, Бельгия, Чехия, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Венгрия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария немесе Ұлыбритания тұрғындары қазірдің өзінде жергілікті Volvo дилерінен ES90 автокөлігіне тапсырыс бере аласыз.

Ал Солтүстік Америкадан басқа аймақтарда тұратындар үшін күтуге тура келеді. Volvo баспасөз хабарламасында бұл модельдің Азия нарығына жетуі 2025 жылдың соңына немесе 2026 жылға дейін созылуы мүмкін екені ескертілген. Дегенмен бұл көлік күтуге тұрарлық. Себебі WLTP (еуропалық) сынақ циклі бойынша бағаланғанда, ES90 үлгісі 106 кВт·сағ батареямен шамамен 700 км жолды бір ғана қуатталған батареялармен жүріп өтеді. Бұл оны ұзақ жүріс қоры бар электромобильдердің қатарына қосады. Мысалы, Tesla Model S немесе Lucid Air-дің жүру ұзақтығы осындай.

Германияда ES90 бағасы 76 000 АҚШ доллар, Ұлыбританияда 81 000 АҚШ доллары болады. Фото en.actualidadmotor.com сайтынан алынды. Авторлығы: kolesa.ru

Volvo өзінің жаңа электрлік ES90 көлігін үш нұсқада ұсынады. Бір моторлы нұсқада 329 аттың күші бар, 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа 6,7 секундта жетеді. 442 аттың күші бар қос моторлы нұсқасының жеделдету уақыты 5,3 секунд. Ал екі мотор орнатылған ең қуатты нұсқасында 670 аттың күші бар, ол 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 3,9 секундта жетеді. Барлық нұсқалардың ең жоғары жылдамдығы 180 км/сағ шектелген.

Германияда ES90 бағасы 76 000 АҚШ долларынан басталса, Ұлыбританияда 81 000 АҚШ доллары тұрады.

АҚШ нарығы үшін бағалар мен шығу күні әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен баға тиімді болса, Volvo бұл модель арқылы Tesla сияқты көшбасшыларымен бәсекелесе алады. Тұтынушылар, әсіресе люкс сегментіндегі электр седандары бойынша, көбірек таңдау күтуде. Volvo бұл сұранысты да қанағаттандыра алуы мүмкін.

Көлік таңдауға мына әзіл видео көмектеседі деп ойлаймыз:

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.