Reuters хабарламасына сүйенген Aikyn.kz, француздық сүт өнімдерін өндірушінің америкалық министрдің бұйрығына тез көну себебін талдайды.
«Американы қайтадан саламатты жасайық» бағдарламасы жасанды бояғыштарға тыйым салуға себеп болған. Фото packagingdigest.com сайтынан алынды
Йогурт өнімдерін өндіруші Danone компаниясы АҚШ-та сатылатын өнімдерінен жасанды бояғыштарды алып тастамақ. Бұл туралы сәрсенбі күні (30 сәуір) компанияның америкалық бөлімшесінің бас директоры Шейн Грант хабарлады. Осындай өзгерістер YoCrunch, Light & Fit және Oikos сияқты танымал брендтерге қатысты болмақ.
Бұл бастама АҚШ-тың денсаулық сақтау органдарының азық-түлік өндірушілерге өз еркімен жасанды бояғыштардан бас тартуға шақырғаннан кейін қолға алынды. Америкалық министрліктің мақсаты – халық денсаулығын сақтау.
Шейн Гранттың айтуынша, француздық Danone компаниясы өз өнімдерінің бүкіл желісі бойынша бояғыштардан қалай бас тартуға болатынын зерттеуді бастаған.
Ол бұл шешімге АҚШ Денсаулық сақтау министрі Роберт Кеннеди-кіші бастаған «Американы қайтадан сау етейік» бағдарламасы мен америкалықтардың денсаулыққа деген өсіп келе жатқан талабы себеп болғанын айтады.
Кеннеди жасанды бояғыштар балалар үшін зиян деп мәлімдесе, ғалымдар бұл тақырыпты әлі де терең зерттеу қажет дейді. Роберт Кеннеди-кіші АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің туған інісі Роберттің ұлы. Америкалық саяси династияның өкілі, Трампты қолдаушы саясаткер.
Америкалық саясаткерлердің ант беру рәсіміне міндетті түрде отбасы мүшелері қатысады. Фото bloomberg.com сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Andrew Harnik
Шейн Грант атап өткендей, компания өнімдерінің шамамен 2%-ында жасанды бояғыштар қолданылады. Мысалы, YoCrunch ванильді йогурты (M&Ms конфеттерімен); Light & Fit грек йогурты (лайм бәліші дәмімен). Бұл өнімдердің құрамында бояғыштар бар.
«Біз барлық жеткізушілерімізбен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл үшін ең жақсы шешімді табуға тырысамыз», – деді Грант.
Ол сондай-ақ АҚШ мектептеріне арналған Danone өнімдерінде мүлде бояғыштар қолданылмайтынын атап өтті.
Өткен аптада Кеннеди азық-түлік индустриясымен жасанды бояғыштардан бас тарту жөнінде келісім бар екенін жариялаған. Дегенмен Reuters дереккөзі бұл туралы нақты келісім жасалмағанын хабарлаған.
Дәрігерлік көмектің онлайн түрі мына әзіл видеода:
АҚШ Тұтынушылық брендтер қауымдастығы наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігіне жолдаған саяси құжатта: жаңа өнімдерді бояғышсыз әзірлеу; қолданыстағы өнімдердің құрамын өзгерту сияқты шараларды өнеркәсіптің өз міндетіне алатынын мәлімдеді.
Аризона мен Батыс Вирджиния штаттарында жасанды боялған тағамдарды мектептерде беруге тыйым салынған. Тағы бірнеше штат бұл қоспаларды толығымен тыйым салуды қарастырып жатыр.
Бұндай талаптар қою үшін қоғамның өзі де белсенді, экологиялық сауат жоғары болуы қажет шығар. Азаматтар денсаулыққа зиянды өнімдерге бей-жай қарамай, тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай алуы тиіс. Ең бастысы – тағамдардың зиянды қоспаларсыз болуын бірінші орынға қоятын денсаулық сақтау министрінің батыл саясаты керек. Сіз қалай ойлайсыз?
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.