1 мамырда президент елдегі ең ірі қоғамдық хабар тарату ұйымдарына бюджеттен бөлінетін қаржыны қысқарту туралы жарлық шығарды. Ұлттық радио мен қоғамдық телеарна бұған наразы.
Радио мен қоғамдық телеарнаға бюджеттен қаржы бөлуді қысқартатын жарлық шықты
Ұлттық радио мен қоғамдық телеарнаға бюджеттен қаржы бөлінбейді. Фото commission.europa.eu сайтынан алынды
3,151
оқылды

Жарлық туралы axios.com сайтының хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz, хабар тарату жүйесіндегі өзгерістердің себебін түсіндіреді.

CPB президенті Patricia de Stacy Harrison: «CPB – президентке бағынатын мемлекеттік орган емес. Заң бойынша оған федералдық органдар ықпал ете алмайды». Фото conference.hec.org сайтынан алынды

Елдегі ең ірі қоғамдық хабар тарату ұйымдарына (NPR мен PBS) берілетін федералдық қаржыны қысқарту туралы жарлыққа президенттің қол қойғаны бейсенбі күні (1 мамыр) кешкісін белгілі болды. Жарлықта бұл екі ұйым «біржақты көзқарас ұстанады» деп сипатталып, Қоғамдық хабар тарату корпорациясына (CPB) оларға тікелей қаржыландыруды тоқтату тапсырылған. Бұл шешім республикалық партия тарапынан дәстүрлі медианы сынға алу аясында қабылданып отыр.

CPB – жыл сайын NPR мен PBS-ке шамамен 535 млн доллар бөлетін тәуелсіз жекеменшік коммерциялық емес ұйым. Осы аптада CPB Трамп әкімшілігін кеңес мүшелерін жұмыстан шығармақ болған әрекеті үшін сотқа берді.

Сара Фишер мен Натали Даэрдің айтуынша, NPR мен PBS онжылдықтар бойы республикашыл және демократиялық екі партиялы қолдауына ие болып келген. Дональд Трамптың жарлығында:

«Ешбір ұйым қазіргі оқиғаларды салық төлеушілерге әділ, нақты және бейтарап түрде ұсынбай отыр. Менің әкімшілігімнің саясатына сәйкес, федералдық қаржы біржақты (объективті емес, біржақты саяси ұстаным – авт.) немесе партиялық ақпарат құралдарын қолдамауы тиіс. Сондықтан CPB кеңесі NPR мен PBS-ке тікелей қаржыландыруды заңда рұқсат етілген шекте тоқтатуы қажет және болашақта қаржы бөлуден бас тартуы керек», – деп жазылған.

Президент Трамп Алабама университетінің түлектері алдында сөз сөйлеуге Алабама штатына келді, Таскалуса ұлттық әуежайы, бейсенбі, 2025 жылдың 1 мамыры. Фото abc3340.com сайтынан алынды. Авторлығы: AP Photo / Manuel Balce Ceneta

Америка президентінің жарлығының қарапайым, түсінікті тілмен жазылатынын (орысша аудармасы арқылы, Google Translate көмегімен – авт.) мына сілтеме бойынша көруге болады: АҚШ президентінің жарлығы.

1 мамырда қол қойылған президент Трамптың жарлығы. Скриншот Ақ үйдің ресми сайтынан алынды 

PBS президенті Paula A. Kerger Axios-қа жіберген мәлімдемесінде:

«Бұл жарлық – заңсыз. Біз 50 жылдан астам уақыт бойы америкалық қоғамға білім беру бағдарламаларын ұсынып келеміз. Бұл шешім сол миссиямызға қауіп төндіреді», – деген.

NPR президенті Katherine Maher:

«Бұл жарлыққа қарсы заңды түрде барлық жолмен күресеміз. АҚШ-тың негізін қалаушылар ақпараттанған қоғамды демократияның басты шарты деп білген. NPR-дың миссиясы да – қоғамды сенімді әрі бейтарап ақпаратпен қамту», – дейді.

CPB президенті және атқарушы директоры Patricia de Stacy Harrison:

«CPB – президентке бағынатын мемлекеттік орган емес. Ол Конгресс тарапынан құрылған жекеменшік, коммерциялық емес корпорация. Заң бойынша оған федералдық органдар ықпал ете алмайды».

Президент жарлығы сотта қаралуы мүмкін, өйткені бұған дейін федералдық соттар Трамп әкімшілігінің Конгресс бекіткен бюджеттерді қысқартуға бағытталған әрекеттерін де тоқтатқан болатын. Сот жүйесі Ақ үйден қаншалықты тәуелсіз екенін де осындай құқықтық кейстер көрсететін болады.

АҚШ президентін әуежайдан шығарып салу, қарсы алу рәсімі осылай өтеді, 2025 жылдың 1 мамыры. Фото abc3340.com сайтынан алынды. Авторлығы: AP Photo / Manuel Balce Ceneta

Ақ үйдің сайтында президент жарлығын түсіндіретін ақпараттық парақшалар да сол күні жарияланады. Бұндай парақшалар қоғамға жарлықтың қабылдану себептерінен егжей-тегжейлі мәлімет береді (орысша аудармасы арқылы, Google Translate көмегімен – авт.): Ақ үйдің президент жарлығына түсіндірмесі.

Қаржыландыруды тоқтату туралы президент Трамптың жарлығына ақ үйдің берген түсініктемесі. Скриншот Ақ үйдің ресми сайтынан алынды 

Қысқаша анықтама

Қоғамдық хабар тарату корпорациясы (CPB – Corporation for Public Broadcasting), Ұлттық қоғамдық радио (NPR – National Public Radio) және Қоғамдық телехабарлар қызметі (PBS – Public Broadcasting Service) – бұлар АҚШ-тағы қоғамдық медианың үш негізгі элементі және бір-бірімен тығыз байланысты.

Бірақ олардың рөлдері мен құрылымы әртүрлі.

CPB – жекеменшік коммерциялық емес корпорация. 1967 жылы Қоғамдық хабар тарату заңына сәйкес Конгрестің шешімімен құрылған. Негізгі миссиясы – АҚШ-тағы қоғамдық телерадио хабар тарату жүйесін қолдап, қаржыландыру мен үйлестіру рөлін атқарды. Оны қаржыландыру Конгресс арқылы федералдық бюджеттен бөлінеді.

CPB-дің басты рөлі – федералды бюджеттен бөлінген қаржыны PBS пен NPR-ға және оларға қарасты жергілікті станцияларға грант түрінде үлестіреді. Медиа жобаларды қолдайды, технологиялық жаңартуларға көмектеседі.\

Президент жарлығына наразылық білдірушілер. Фото commondreams.org сайтынан алынды. Авторлығы: Getty Images / Saul Loeb

NPR – 1000-ға жуық станциясы бар ұлттық радиожелі. Мақсаты – халықты сенімді, бейтарап жаңалықтармен және сапалы бағдарламалармен қамтамасыз ету. Тәуелсіз, коммерциялық емес медиа ұйым. Қаржыландырудың басым бөлігі CPB арқылы, ал қалғаны демеушілік, жеке қайырымдылық және мүшелік жарналар арқылы түседі.

PBS – қоғамдық телеарна желісі. Америка халқы үшін білім беру, мәдени және ғылыми мазмұндағы бағдарламаларды таратады. Бұл да коммерциялық емес ұйым. PBS өзі контент өндірмейді, ол жергілікті телестудиялар дайындаған бағдарламаларды таратады. Телеарна желісін қаржыландыру CPB-дан алынған гранттар, жеке қайырымдылық, демеушілік арқылы жүргізіледі.

Шынайы жарнаманы мына әзіл видеодан ғана көресіз, видеоның 3.43 минутына назар аударыңыз:Қорыта айтқанда, CPB федералды бюджеттен алған қаржыны грант түрінде NPR ұлттық радио желісі мен PBS ұлттық телехабар тарату желісінің қызметтерін қаржыландырады.  Үшеуі де қоғамдық мүдде үшін жұмыс істейді, бірақ операциялық жағынан бір-бірінен тәуелсіз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.