Қазақстанда қаңтар-мамыр аралығында пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,7% өскен.
Тұрғын үйді пайдалануға беруден қай қала көш бастап тұр?
Фото: gov.kz
445
оқылды
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 567 көппәтерлі үй, 11 430 жеке үй және 16 жатақхана деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өсіп, 6 021,3 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде: 3 854,7 мың ш.м. – көппәтерлі үйлер 2 126,7 мың ш.м. – жеке үйлер.
Берілген тұрғын үй көлемі бойынша Астана – 1 505,4 мың ш.м.,  Алматы – 1 138,8 мың ш.м.,Алматы облысы – 463 мың ш..м. көш бастап тұр.
Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең көп өсім Түркістан облысында (+25,5%), Шымкентте (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды. 
Тұрғын үйдің басым бөлігі – 5 663,3 мың ш.м. немесе 94,1% жеке құрылыс мекемелерімен салынған, оның ішінде 2 175,3 мың ш.м. халықтың өз күшімен. 
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі бес айда 15,4% өсіп, 2 001 млрд теңгені құрады. Өсім еліміздің 18 өңірінде тіркелді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.