Бірқатар қалаларда әуекомпанияның әуекемелері құстармен соқтығысу салдарынан зақым алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz SCAT әуекомпаниясының ресми парақшасына сілтеме жасап.
Мұндай жағдайлар форс-мажорлық мән-жайлар санатына жатады және тасымалдаушы тарапынан бақылауға келмейді. Соған қарамастан, компания рейстер кестесін қысқа мерзімде тұрақтандыру үшін бар күшін салды. Жедел түрде резервтік әуекемелері жіберілді, сондай-ақ жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесіне уақытша өзгерістер енгізіледі.
Анталья-Астана және Ақтөбе-Анталья бағыттарында келесі өзгерістер болды:
Антальяда резервтік әуекемесінің келуін күту кезінде жолаушыларға қонақүйлерде тұру мерзімі ұзартылды. Ыңғайлы жағдайлар толық қамтамасыз етілді. Ұшу 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған.
Актөбеде ұшуды күтіп отырған жолаушыларға ыстық тағам және сусындар ұсынылуда. Компания өкілдері мен туроператорлар жолаушылармен тұрақты байланыста, кесте қажеттілікке қарай түзетілуде.
Әуекемелерінің қайта бөлінуіне байланысты 2025 жылғы 23 маусымда келесі бағыттарда рейстердің кешігуі мүмкін:
Алматы-Шарм-эль-Шейх
Алматы-Анталья
Анталья-Алматы
Сондай-ақ халықаралық жағдайға және жекелеген әуекеңістіктерінде уақытша шектеулердің енгізілуіне байланысты, 2025 жылғы 23 маусымға жоспарланған Астана-Доха рейсі тоқтатылды.
Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы – біздің басты басымдығымыз болып қала береді, – делінген ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.