Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.
Президент Люксембургтің Ұлы Герцогін мерекемен құттықтап,  достас мемлекет халқына бақ-береке тіледі
Фото: Ақорда
348
оқылды

Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы Герцогін құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды. 

Қазақстан Президенті Ұлы Герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі, – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.