Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.
27 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
494
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 27 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған Өкім мәтінінде.