Батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады.
26 маусымда бұршақ аралас жаңбыр жауады: синоптиктер ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
564
оқылды

Елімізде 26 маусымда ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, бұршақ аралас жаңбырдан бастап өте қатты ыстықты қамтитын ауа райының құбылмалы сипаты көрініс табады.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша бейсенбі күні түстен кейін аптап ыстық болады деп болжанады:

Алматы, Жетісу облыстарында: +35...+39°С,

Жамбыл облысында: +38°С,

Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында: +41°С.

Мына өңірлерде күндіз сынап бағанасы +42°C-ге дейін көтеріледі:

Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында,

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында.

Республикамыздың басым бөлігінде циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Республикамыз бойынша жел екпін алып, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.