Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, кей өңірде бұршақ түседі.
28 маусымда нөсер жаңбыр, бұршақ жауады: синоптиктер ескерту жасады
Фото: istockphoto.com
348
оқылды

Синоптиктер сенбі, 28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республикамыздың басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауып, кей өңірде бұршақ түседі. 

Қазақстан аумағында ауа райының құбылмалы сипаты сақталады. найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін. 

Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең еліміздің батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.