Oktagon 73 турнирінде Жалғас Жұмағұлов грузиялық Бено Адамияны төрешілер шешімімен жеңіп, бос тұрған чемпиондық белбеуді иеленді.
Б. Адамия салмақ өлшей алмады, жекпе-жекті минус бір ұпаймен бастады. Жекпе-жек барысында тыйым салынған соққылар тіркелді, Ж. Жұмағұлов нокдаун жасады.
Ол – еуропалық Oktagon ұйымында чемпион атанған алғашқы қазақстандық.