Үшінші орын үшін өткен серияда «Атырау» «Ақтөбені» үш матчта да жеңді
Алматылық «Қайрат» чемпиондық атақты қайтадан қайтарып алды
776
оқылды

Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионатының алтын медалін қайтарып алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Финалдық серияда «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, 2024/25 жылғы маусымның жеңімпазы атанды. Бүгін өткен төртінші ойында «Қайрат» 3:1 есебімен алда тұрғанымен, қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Алайда 38-минутта Алиссон шешуші гол салып, есеп 4:3 болып аяқталды.

Үшінші орын үшін өткен серияда «Атырау» «Ақтөбені» үш матчта да жеңді — 4:3, 3:0, 6:5.

Өткен маусымда «Семей» өз тарихындағы алғашқы маусымында-ақ сенсация жасап, «Қайраттың» 21 жылдық үстемдігін тоқтатқан еді.

Енді «Қайраттың» чемпиондық атағы — 22-ге жетті, алғашқысы 2004 жылы тіркелген болатын.

Келесі маусымда «Қайрат» пен «Семей» Қазақстан атынан УЕФА футзал чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз