Жаңа ректордың кандидатурасы Республикалық комиссияның отырысында айқындалды.
Қарағанды медицина университетінде жаңа ректор
752
оқылды

Қарағанды медицина университетінің басқарма төрағасы – ректоры болып медицина ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Нұрғалиқызы Көшерова тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Бақыт Көшерова – жоғары санатты инфекционист дәрігер. Денсаулық сақтау саласындағы өтілі – 35 жылдан астам, оның ішінде 30 жыл медициналық білім беру саласында, 20-дан астам   басшылық лауазымдар атқарған.

Ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс инфекционисі, ҚР ДСМ Сапа жөніндегі біріккен комиссиясының клиникалық хаттамалар комитетінің басшысы, «Инфекционист дәрігерлер қоғамы» РҚБ басқарма төрағасының орынбасары және Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (ТАРА) халықаралық сарапшысы, – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.