Қазақстанда алғашқы жартыжылдықта 7,9 миллион м2 тұрғын үй пайдалануға берілді – өсім 6,6%.
Құрылыс индустриясында рекордтық өсу жалғасуда
Фото: primeminister.kz
411
оқылды

2025 жылдың І жартыжылдықтағы қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 3,3 триллион теңгені құрап, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Оң динамика еліміздің 20 өңірінің 19-ында тіркелген.

Басты назар тұрғын үй құрылысына салынып отыр. Биылға жоспар – 19,2 миллион м2 тұрғын үй, оның 7,9 миллионы алғашқы жартыжылдықта пайдалануға беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мұндағы көрсеткіш 6,6%-ға артты.

Ең көп өсім Түркістан, Ақмола, Ұлытау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында тіркеліп отыр.

Министр атап өткендей, жалпы құрылыс саласы 2010 жылдан бері 7% шамасында өсім көрсетіп келеді. Ал соңғы екі жылда нақты көлем индексі тұрақты түрде 115%-дан жоғары болып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.