Мал азығымен қамтамасыз ету ахуалы тұрақты және министрліктің тұрақты бақылауында.
Елімізде 11,4 миллион тонна мал азығы дайындалды
Фото: gov.kz
686
оқылды

2025-2026 жылғы қысқы кезеңге дайындық аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі мал азығын дайындау науқанының барысына мониторинг жүргізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Биыл мал азығы дақылдарының егіс алқабы 3,3 млн гектарды құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 128 мың гектарға артық (3,2 млн га).

Жалпы, қысқы маусымға 24,5 млн тонна шөп, 1,7 млн тонна сүрлем-шөп (сенаж), 4,6 млн тонна сабан, 5,6 млн тонна құрама жем және 2 млн тонна сүрлем дайындау жоспарланған.

Биылғы жылдың 18 шілдесіндегі жедел деректерге сәйкес, өңірлерде 11,4 млн тонна мал азығы дайындалған. Оның ішінде 10,6 млн тонна шөп (жоспардың 43,4%-ы) және 740 мың тонна сенаж (43,5%) әзірленген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.