Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
АЭС құрылысын Президент бақылайды
Фото: gov.kz
4,159
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектенов «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесті.

«Росатом» корпорациясының басшысы Олжас Бектеновке Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

Ресей тарапы атом электр стансасы құрылысы аясында Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді.

Премьер-Министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. 

Еске салайық, 8 тамызда еліміздегі алғашқы атом электр стансасының (АЭС) құрылысы ресми түрде басталады.

Бұған дейін дамыған елдерде АЭС салу технологиясына қатысты шолу жасаған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.