АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы жазба жариялады.
«Өзімді үйдегідей сезінемін»: АҚШ мемхатшысы орынбасары Қазақстан туралы жазба жариялады
Фото: Christopher Landau / Х
458
оқылды

АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келіп, Қазақстанның табиғаты мен халқының қонақжайлығына сүйсінді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қазақстан туралы жазба жариялады.

«Қазақстанның ең ірі қаласы әрі қаржы орталығы – Алматы Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қаладан небәрі жарты сағаттық жерде әлемге әйгілі «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты бар. Біз мұнда қазақ халқының ерекше қонақжайлылығын сезіндік. Алтын қыран мен жаңа қазақ достарымның арасында өзімді үйімдегідей сезіне бастадым!» - дейді Кристофер Ландау.

Айта кетейік, АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді.

Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.