Бұған дейін Президент Үкіметке мал шаруашылығын мықтап дамытуды тапсырды. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында бұл мәселеге баса назар аударғаны есімде. Осыған орай Aiqyn елдегі мал шаруашылығының жай-күйін, қолға алынып жатқан бастамаларды білмекке Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мал шаруашылығы дептартаменті директорының міндетін атқарушы Бағлан Аймұрзаевты әңгімеге тартты. Әуелгі сұрақ субсидия жайлы болды
Субсидияда – өндірілген өнімге берілетін ақша. Мәселен, 1 литр сүт өндірсеңіз, мемлекеттен литріне 30 теңге беріледі. Президент субсидиялаудан жеңілдетілген несиеге кезең-кезеңімен өту бойынша тапсырма берген. Оны орындауымыз қажет. Бізде субсидияны түгел жою міндеті жоқ. Көрші Ресей тәжірибесінде федеративтік және өңірлік деңгейде субсидиялап, жеңілдетілген несие беріп қолдау білдіреді. Олардың өнімі Қазақстан нарығына кіргенде біздікілердің бәсекелесуі қиын болады. Сол себепті де тиімді субсидиялар қалады. Қазіргі кезде талдау сараптамалық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, кейбір субсидиялар қазірге дейін өзінің тиімділігін көрсетіп келеді. Мысалы, құс шаруашылығында келісіне 60 теңге субсидия беріледі. Елде 2020 жылы құс етімен қамтамасыз ету 58 пайыз болса, қазір 79 пайызға жеткіздік. Мұны осы субсидиялардың көмегі деп білуіміз керек. Өйткені кәсіпкер несие алған кезде субсидияның арқасында қайтарымдылығын азайтады. Сондай-ақ малды асылдандыру үшін кооперативтерге субсидия берілген еді. Алайда жемқорлық фактілері байқалып, заңсыздық орын алған соң тоқтатылды. Осындай жағдаяттың бәрін ескере келе, субсидия мәселесі әлі де сарапталу үстінде, - деді спикер
Толық сұхбатты мына сілтемеге өтіп оқи аласыз