Оның айтуынша, құрылыс жобаларын әзірлеу және аумақтарды жоспарлау барысында сейсмикалық микрозоналау карталарын пайдалану міндетті болады.
Жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты арнаулы нормалар енгізіледі
86
оқылды

Сенат отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жаңа Құрылыс кодексінде сейсмикалық қауіпсіздікке қатысты арнайы нормалар енгізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, құрылыс жобаларын әзірлеу және аумақтарды жоспарлау барысында сейсмикалық микрозоналау картасын пайдалану міндетті болады. Егер Алматы қаласындағыдай жер қыртысының жарықтары немесе аса қауіпті аймақтар анықталса, мұндай аумақтарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады.


Сондай-ақ қауіпті аймақтарды көгалдандырып, ол жерлерде саябақтар, скверлер мен демалыс орындарын орналастыру көзделіп отыр. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық ортаны тиімді дамытуға бағытталған.