Бишімбаев активтерін жасыру үшін жақында аударып жіберген екен.
Алимент: Қуандық Бишімбаев байлығын кімге аударып тастады?
412
оқылды

Экс-экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы келіншегі Назым Кахарман балаларына төленетін алимент мөлшерін қалай азайтуға тырысқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  Ол бұл туралы Instagram желісінде жариялады.

Назым Кахарманның айтуынша, Жоғарғы сот оның Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру жөніндегі шағымын қараудан бас тартқаннан кейін бірнеше ай өткен соң, ол алиментті азайту туралы талап-арыз берген.

– Олардың сөзінше, «енді Қуандықтың алимент төлеуге мүмкіндігі жоқ» екен. Алайда бұл – жалған ақпарат. Менің адвокаттарым Қуандықтың тағы кемінде 15 жыл бойы алимент төлеуге мүмкіндігі бар екенін құжат жүзінде дәлелдеді, – деді ол.

Кахарманның айтуынша, Бишімбаев активтерін жасыру үшін оларды жақында 26 жастағы үлкен ұлының атына аударып жіберген. Бұл жерде «көптеген жылжымайтын мүлік» туралы сөз болып отыр.

– Балаңа қамқор болу — өте жақсы. Бірақ кәмелетке толған ұлыңның пайдасына активтерді “аударып”, кәмелетке толмаған балаларыңа алимент төлемеу — жиіркенішті. Мұны қалай атауды да білмеймін, бірақ бізде дәл осылай», — деді Назым Кахарман.

Десе де, Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы сотта жеңіске жетіп, экс-министр бұрын жасалған алименттік келісімге сәйкес төлем жасауға міндеттелді. 

«Қуандық осындай ақымақтыққа бармағанында, ақша табу жағынан өте мықты адам ретінде, қазір мультимиллионер немесе тіпті миллиардер болар еді. Ондай жағдайда бұл келісім оны қорғайтын еді, ал мен одан артық талап ете алмас едім», — деді ол.