Aikyn.kz жаңа Airbus ұшағының ерекшеліктерін businessinsider.com материалына сүйеніп талдайды.
American Airlines компаниясының жаңа A321XLR ұшағы қосымша жанармай багының арқасында 8700 шақырымға дейін қонбай ұша алады. Бұл шамамен 11 сағаттық рейс. Фото aviationa2z.com сайтынан алынды. Авторлығы: Antonio Pirro
Жаңа A321XLR ұшағын алғашқы болып American Airlines компаниясы пайдаланбақшы. Ұшақ фюзеляжі ұзартылған, қосымша жанармай багының арқасында ол 8700 шақырымға дейін қонбай ұша алады. Бұл шамамен 11 сағаттық рейс.
Ұшақта бірінші класс болмайды, бірақ бизнес-класс бұрынғыдан да жайлы әрі кең жасалған. Жаңа модельде Bluetooth қолдайтын экрандар мен премиум-салон көзделген. Бұл ұшақ A321T моделінің орнын басады. A321T соңғы он жыл бойы АҚШ ішінде премиум жолаушыларды тасымалдап келді. Ал жаңа A321XLR Нью-Йорк пен Лос-Анджелес арасындағы алғашқы рейсін орындап, салтанатты түрде су шашу рәсімімен қарсы алынды.
Компания өкілдерінің айтуынша, ұшақ жаңартылған дизайнмен жасалған, Bluetooth қосылымы және ойын-сауық жүйесі толық жетілдірілген. Әрбір деталь жолаушылардың жайлылығы үшін ойластырылған.
Ең басты өзгеріс – бірінші кластың болмауы. Оның орнына 1×1 конфигурациялы бизнес-класс орнатылған, әр жолаушы дәлізге тікелей шыға алады. Сонымен қатар премиум-эконом класы бар, ал эконом-класс бұрынғыдан әлдеқайда ыңғайлы.
2026 жылдың басында Нью-Йорктен Лос-Анджелеске ұшу құны эконом-класта шамамен 200 доллар, премиум-экономда 1000 доллар, бизнес-класста 2000 доллар болады.
A321XLR тек ішкі бағыттарда ғана емес, Атлант мұхитын кесіп өтетін рейстерге де пайдаланылады. Алғашқы халықаралық бағыт – Нью-Йорк пен Эдинбург арасындағы рейс. Бұл ұшақтар Boeing 767 немесе Airbus A330 қона алмайтын қалаларға да ұша алады.
American Airlines бұл модельді алыс бағыттағы нарықты қайта игеру үшін пайдаланбақшы. Компания COVID-19-дан кейін Delta мен United-ті қуып жетуді мақсат етеді. Дегенмен бұл жаңару A321T дәуірінің аяқталғанын білдіреді. Бірақ көпшілік жолаушылар жаңа мүмкіндіктерге риза болады деп күтілуде. Әсіресе сырғымалы есіктері бар бизнес-класс пен ұшақтың үлкейтілген кеңістігі үшін.
A321XLR бар болғаны 155 жолаушыға арналған. Бұл оны шын мәнінде премиум ұшаққа айналдырады. Ұшақта 20 жеке бизнес-люкс, 12 премиум-эконом орын және 123 эконом-класс орны бар. Бұрынғы A321T-де 190 орын болған.
Ал мына видео әлемдегі әрбір жолаушының арманына айналған Араб Әмірлігінің Emirates компаниясының ұшағы туралы:
Бизнес-класс толықтай жеке капсула түрінде жасалған. Бұндай орындар бұрын тек кең фюзеляжды ұшақтарда кездесетін. Бұнда төсекке айналатын орын, үстел, Bluetooth экраны, басқару пульті және жүк сақтау орындары бар. Орындар өте ыңғайлы, бірақ бір кемшілігі – өту жолы тар. Кей сәттерде жолаушыларға өту қиындау болуы мүмкін. Сонымен қатар, есіктер әлі толық іске қосылмаған – олар сертификаттаудан өткен соң ғана жұмыс істейтін болады.
Премиум-эконом класы да ерекше. Бұл жерде кеңірек орындар, реттелетін аяқ тіректері, жақсы тамақ пен рейске басымдықпен тіркелу мүмкіндігі бар. Эконом-класс та жаңартылған. Жеке экран, реттелетін бас тіреуіш, 31 дюймдік арақашықтық және жайлы отыру мүмкіндігі бар. Алдыңғы қатарларда аяққа кеңірек орын бар.
Жаңа ерекшеліктердің бірі – барлық орындарда Bluetooth қолдауы бар. Енді жолаушылар өз құлаққаптарын пайдалана алады. Алайда 25-қатарда терезе жоқ. Бірақ терезесі жоқ орындардың бағасы арзан екенін де ескерген жөн.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.