Көкқанат балықты (тунец) сату бойынша рекорд орнатылды. Мейрамханалар бұл балықтан суши-роллдар дайындап, талғампаз адамдарға қуаныш сыйламақшы.
Жапондық президент бір балықты 3,2 миллион долларға сатып алды
«Тунец патшасы» Киёси Кимура: «Жапон үкіметі жұмыс істейміз, тағы да жұмыс істейміз» деп уәде берді. Сол сияқты Sushi Zanmai да жұмыс істей береді». Фото undercurrentnews.com сайтынан алынды. Авторлығы: Sushizanmai / Instagram
343
оқылды

Британдық Telegraph басылымының хабарламасына сүйенген Aikyn.kz балықтың рекордтық бағаға сатылу себебін түсіндіреді.

Салмағы 243 келі болатын көкқанат тунец Токиода өткен биылғы алғашқы балық аукционында 3,2 миллион долларға сатылып, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Балықты дүйсенбі күні (5 қаңтар) Тоёсу базарында Sushi Zanmai мейрамханалар желісін басқаратын Kiyomura Corp компаниясы сатып алды.

«Жылдың алғашқы тунеці – сәттілік әкеледі. Биыл экономика жақсарады деп үміттенемін. Такаити әкімшілігі жұмыс істейміз, тағы да жұмыс істейміз деп уәде берді. Сол сияқты Sushi Zanmai да жұмыс істей береді. Бұл бастама адамдардың көңіл күйін көтереді деп сенемін», – дейді компания президенті, «Тунец патшасы» атанған Киёси Кимура тендерді ұтып алғаннан кейін.

Ол өз сөзінде «жұмыс істейміз, тағы да жұмыс істейміз» деген Жапонияның алғашқы әйел премьер-министрі Санаэ Такаичиді меңзеген. 

Рекордтық тунец Жапонияның солтүстігіндегі Ома жағалауынан ауланған. Оның бір келісінің бағасы 13 436 долларға жетті. Фото telegraph.co.uk сайтынан алынды. Авторлығы: The Asahi Shimbun

Бұл мәміле Кимураның 2019 жылы орнатқан бұрынғы рекордынан да асып түсті. Ол кезде бір тунецті компания аукционда 2,14 млн долларға сатып алған еді. Компания басшысы соңғы бағаға өзі де таңғалғанын жасырмады.

«Сәл арзанырақ аламыз деп ойлаған едім, бірақ баға бір сәтте-ақ шарықтап кетті», – деді ол журналистерге.

Бұл аукцион әдетте бастапқы бағалардың өте жоғары болуымен танымал. Бұған бұқаралық медианың ерекше назары мен жыл басындағы алғашқы тунецке берілетін символдық мән әсер етеді. Өткен жылы ең қымбат балық 1,3 млн долларға сатылған еді. Ол кезде COVID-19 пандемиясы салдарынан мейрамханалар жұмысын қысқартып, бағалар күрт төмендеген болатын.

Биылғы рекордты қымбат тунец Жапонияның солтүстігіндегі Ома жағалауынан ауланған. Бұл өңір елдегі ең сапалы көкқанат тунецімен танымал. Оның бір келісінің бағасы 13 436 долларға жеткен. Сауда басталғаннан бірнеше сағат өткен соң-ақ балықты турап, Sushi Zanmai мейрамханаларында бір роллын 3,2 долларға сата бастады. Дәмін тату үшін адамдар ұзын-сонар кезекке тұрды.

Sushi Zanmai мейрамханасы рекордтық бағаға сатылған тунецтің бір роллын 3,2 долларға сата бастады. Оның дәмін тату үшін адамдар ұзын-сонар кезекке тұрды. Фото tabasko.ltd сайтынан алынды.

«Жылдың басында осындай қасиетті, сәтті нәрседен дәм татқаным – жылды жақсы бастау сияқты сезіледі», – дейді 19 жастағы Минами Сугияма Цукидзи ауданындағы мейрамханалардың бірінде.

Тағы бір сатып алушы Киёси Нисимура да осы пікірді былай қолдаған: «Тіпті, соя соусынсыз-ақ тәтті. Қанық дәмі мен құрылымы… көңіл күйді бірден көтереді». Алайда бұл сату көкқанат тунец қорының жай-күйіне қатысты пікірталас та тудырды.

Pew Charitable Trusts қайырымдылық қорының халықаралық балық шаруашылығы тобының өкілі Дейв Гершман бұл түрдің популяциясы бір кездері «жойылу шегіне жеткенін», бірақ 2017 жылы басқару жоспары қабылданғаннан кейін қалпына келе бастағанын айтады. Оның сөзінше, негізгі мақсат – «дені сау популяцияны сақтау және бұл түрдің бұрынғыдай шамадан тыс ауланбауын қамтамасыз ету».

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.