Өз сөзіне қарағанда, бала кезінен техникаға әуес болып өскен, ал кәсіби тұрғыда бұл салаға 2019 жылдан бастап ден қойған.
«Хакер Атырау» лақап атымен танымал жігіт сұхбат берді
265
оқылды

Атырау облысында қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиға кезінде жоғалған азаматтарға қатысты деректерді өз бетімен анықтап, әлеуметтік желіге жариялау арқылы жұрт назарын аударған "Атыраулық хакер" алғаш рет өзінің кім екенін ашық айтып, мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, шын есімі – Нұрлан. Құрманғазы ауданында туған ол Instagram-да "Хаккер Атырау" атты аккаунт жүргізеді. Негізгі тақырыптары – IT, шолулар және ақпараттық қауіпсіздік. Видеоларында түрлі анықтау, зерттеу жұмыстарына тоқталады. Өз сөзіне қарағанда, бала кезінен техникаға әуес болып өскен, ал кәсіби тұрғыда бұл салаға 2019 жылдан бастап ден қойған.

Нұрлан алғашқы киберқадамын атыраулық азаматтың бұзылған аккаунтын қалпына келтіру үшін қарсы шабуыл жасау арқылы бастаған. Мәскеуде білімін жетілдіргенімен, нақты тәжірибе мен өз бетімен үйренудің пайдасы көбірек болғанын айтады. Бұған дейін жүк тасушы мен таксиші де болып көргенін жасырмады.

Айта кетейік, "Атыраулық хакер" бірнеше айдан бері табылмай жүрген отбасының жоғалуына қатысты ақпараттар жариялап, күдікті ретінде сол әулеттің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевті атаған еді.