Зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдаған.
Зергер жөндеуге берілген алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған
Фото: Polisia.kz
816
оқылды

Ақтөбеде клиенттерін алдаған зергер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Орталық базар аумағында орналасқан зергерлік шеберханалардың бірінің зергеріне қатысты азаматтардан полицияға арыз-шағымдар түскен.

Белгілі болғандай, зергер клиенттерден алтын бұйымдарды жөндеуге немесе әшекей жасау үшін қабылдап алған. Кейін ол бағалы заттарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда оның кемінде 20 алаяқтық дерегіне қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 12 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.