Оның айтуынша, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Жаңагүл Өмірбекова Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған.
Мұхтар Шахановтың келіні ақынның денсаулығына қатысты мәлімдеме жасады
285
оқылды

Әлеуметтік желіде өзін белгілі ақын Мұхтар Шахановтың келіні ретінде таныстырған Жаңагүл Өмірбекова қайын атасының қазіргі жағдайына байланысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оның айтуынша, ақынның денсаулығы күрт нашарлап, жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Жаңагүл Өмірбекова Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазған.

Жазбада ол Мұхтар Шахановтың айтқанын тез ұмытып қалатын науқас күйде екенін, сондай-ақ жақында екінші ұлынан айырылғаннан кейін психоэмоционалдық жағдайы айтарлықтай әлсірегенін атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі таңда ақын қоғамда болып жатқан оқиғалардан мүлдем бейхабар.

«Мен Жаңагүл Мұратқызы, Мұхтар Шахановтың келіні ретінде, әлеуметтік желіде Ата жарияланған видеоға байланысты ашық мәлімдеме жасаймын! Атаның қазіргі жағдайы өте ауыр, айтқанын бір сәттен кейін ұмытып қалатын науқас күйде. Жақында ғана екінші ұлынан айырылған адамның психоэмоционалдық жағдайының қаншалықты ауыр екенін біреу түсінсе, біреу түсінбейді. Қазіргі таңда Ата қоғамда болып жатқан жағдайлардан мүлдем бейхабар, осыны түсініңіздер! Тыныштық беріңіздер! Ұлтына өлшеусіз еңбегі сіңген, Ана тіліне өмірін арнаған Атамызды бір видеоға бола қарғап-сілеудің, қаралаудың ешқандай негізі жоқ. Мұхтар Шаханов өз Ұлтының алдында адал перзенті болып мәңгі тарихта қалатын тұлға!» – деп жазды ол.