2026 жылғы 15 наурызға белгіленген референдум жақындаған сайын Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі пікірталастар қыза түсуде, бірақ олардың мазмұны тереңдей қойған жоқ: сыншылар байсалды құқықтық талдаудың орнына әлеуметтік-популистік ұрандарды алға тартуда. Негізінде, мұндай пікірталастар – халықтың Негізгі заңға деген қызығушылығы мен бейжай қарамауының белгісі.
Конституциялық реформа – институционалдық реанимация
91
оқылды

Сонымен қатар кейбір оп­пон­ент­тер жаңа Конституция жобасы билікті абсолюттен­діру­ге негіз қалайды деп табандап айтуда. Бірқатар сыншы конс­ти­туциялық жаңалықтардың мәніне үңілмей, 1995 жылғы Конституциядан өзгеріссіз көшірілген және ондаған жыл бойы қарсылық тудырмаған нормалардан құқықтар мен бос­тандықтарға қауіп төніп тұр деп санайды. Бұл екі тәсілге де ор­тақ бір кемшілік бар: конститу­ция­лық құқық пен конституция­лық құрылыстың халықаралық стандарттарын жүйелі түсіну тапшылығы.

Конституциялық құрылыс­тың халықаралық деңгейде тан­ыл­ған стандарттарына сәйкес, Конституцияның функ­циясы – билік институттарын қалыптас­тыру және мемлекеттік өкілет­тік­терді кім, қалай және қандай мақ­сатта жүзеге асыратынын ай­қындау. 1995 жылғы Консти­туция да, 2026 жылғы жоба да тұтастай алғанда осы стандарт­тарға сәйкес келеді және құқық­тар мен бостандықтардың кең тізімін, билікті бөлу принципін, Конс­титуцияның үстемдігін және сот бақылауы жүйесін қам­тиды. Қазақстан 1995 жыл­дан бастап нормаларды заңды түрде міндеттейтін және сот арқылы қорғалатын ережелерге ай­налдыратын құқықтық конс­титуция моделін формалды түр­де таңдады. Алайда іс жүзінде конституциялық принциптер кө­біне жалаң мәлімдеме күйінде қалып келді.

1995 жылғы Конституцияға объективті талдау жасау негізгі кем­шіліктерді төрт бағыт бой­ын­ша жүйелеуге мүмкіндік береді. Бірінші: Конституция­лық мәтінді құрал ретінде пай­далану. Конституция толыққан­ды қоғамдық шарт емес, саяси легитимділік құралы ретінде жү­йе­лі түрде пайдаланылды. Бей­ресми билік иерархиясы (шешімдерді құқықтық норма­лар негізінде емес, бейресми келісімдер негізінде қабылдау тә­жірибесі) конституциялық принциптер мен нормаларды сәндік элементке айналдырды. Құқық үстемдігі декларация күйінде қалды, сот жүйесінің тәу­елсіздігі шартты болды, ал парламенттік бақылау әлсіреді.

Екінші: жинақталған түзе­тулердің жүйесіздігі. 30 жыл бойы жиі енгізілген пакеттік түзетулер конституциялық мә­тін­нің жүйелілігін бұзды. 91-баптың тарихы бұған айқын мысал: 2017 жылы «өзгер­тіл­мей­тін» ережелер тізіміне Тұңғыш Президент – Елбасы мәртебесін енгізу «мәңгілік клаузулалар­дың» мызғымастық принципін бұзды және құқықтық екіұшты­лық жағдай тудырды. Бұл конс­титуциялық архитектураның ішкі қайшылығын ашып көрсет­ті және оны тұтастай қайта қарау қажеттілігін растады.

Үшінші: декларация мен іске асыру механизмі арасын­да­ғы алшақтық. Кейбір өзгеріс­тер – табиғи ресурстарға ха­лықтың меншігін бекіту, аза­мат­тардың құқықтарын кеңейту  нақты құқықтық қолдану тетік­терімен қамтамасыз етілмеді. Билік берген конституциялық уәделер заң деңгейіндегі олқы­лықтар мен атқарушы орган­дарға шексіз өкілеттік беретін сілтемелік нормалар арқылы бөгеліп отырды.

Төртінші: Конституцияның әлеуметтік реттеу құралы ретін­дегі шектеулілігі. Конституция өздігінен жемқорлық, экономи­калық дағдарыс немесе әлеу­меттік әділетсіздік мәселелерін шеше алмайды, ол тек мемле­кеттік саясаттың тиімді болуына мүмкіндік беретін инсти­ту­цио­налдық негіз қалайды. Халық­тың әл-ауқатын жақсарту Не­гізгі заңның мазмұнына ғана емес, құқық қолдану сапасына және саяси жауапкершілік деңгейіне байланысты.

Осы төрт кемшіліктің жиын­­тығы мемлекеттің қоғам­дық қайшылықтарды шешу қабілетін төмендетіп, шынайы жаңа қоғамдық шартқа және нәтижесінде – жедел әрекет ететін, бір мандатты Парламент­ке деген сұранысты қалыптас­тырды.

Принципиалды жаңа Конс­титуцияны қабылдау саяси ре­жим өзгергенде, легитимділік дағ­дарысы туындағанда, «мәң­гі­лік клаузулалар» бұзылғанда немесе қоғам тарапынан жаңа қоғамдық шартқа сұраныс туын­дауымен негізделеді. Қа­зақстандық контексте осы төрт негіз де бар. 2022 жылғы ре­форма 91-баптағы «мәңгілік клаузулалардың» мызғымастық принципін бұзды; жинақталған түзетулердің жүйелік сәйкес­сіздігі Негізгі заң архитек­тура­сын тұтастай қайта пайымдауды талап етеді; 2022 жылғы қаңтар оқи­ғалары жаңа қоғамдық шарт­­қа деген сұраныстың қал­ып­тасуын жеделдетті; түптеп келгенде, қалыптасқан консти­ту­циялық дизайн тиімді мем­лекеттік басқаруды қамтамасыз ету қабілетінен айырылды.

2022 жылы Тұңғыш Прези­денттің мәртебесі туралы ереже бүкілхалықтық референдум арқы­лы алынып тасталды, бұл мынаны айқын дәлелдеді: тіпті билік элементтеріне абсолютті си­пат беру әрекеті оларды ха­лық­тық егемендік шегінен шығара алмайды. Ережелердің формалды өзгермейтіні емес, оларды қайта қарау мүмкіндігі биліктің абсолюттенуіне қарсы іргелі кепілдік болады. 2026 жылғы қазақстандық конститу­циялық сәтті алғашқы консти­ту­циялық құрылыс ретінде емес, «реанимациялық кезең» –  бекітілген демократиялық прин­­­ц­иптерді қалпына келтіру және олардың шынайы қолдан­ылуын қамтамасыз ету ретінде қарастыру керек.

Референдум конституция­лық легитимация құралы рет­інде айқын артықшылық­тарға ие: ол Негізгі заңға халық­тық заңдылық береді және іргелі нормаларды уақытша саяси көпшіліктің ерікті өзгерту­ле­рінен қорғайды. Сонымен қатар елеулі тәуекелдер де бар: азамат­тардың электоралдық белсен­ділігіне жасанды кедергілер жас­ал­ған жағдайда, халықтың формалды қатысуы шынайы халық еркін білдірудің толық­тығын әлсіретіп алу қаупін тудырады. Сондықтан да қазіргі сәттің негізгі міндеті – азамат­тардың назарын ақпараттық шу тудыратын, қоғамды адастыра­тын және мазмұнды диалогты мани­пуляциялық риторикамен алмастыратын популистік ұран­дарға аударуға жол бермеу, кері­сінше, Конституцияның дұрыс демократиялық негізіне назар аударып, пікірсайыстарды құ­қық­тық іске асыру тетіктеріне бағыттау.

2026 жылғы Конституция жобасы үш өзара байланысты бағыт бойынша институцио­налдық жаңғырту үшін нақты мүмкіндіктер береді. Реанима­циялық кезеңнің орталық инс­ти­туты – Конституциялық Сот. Ол заң шығарушы және атқару­шы актілерді жүйелі конститу­ция­лық бақылау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және дәйекті конститу­циялық-құқықтық доктринаны қалыптастыру арқылы Негізгі заңның шынайы сақшысына айналуға тиіс. Конституциялық Соттың тек нормативтік құқық­тық актілердің мазмұнын ғана емес, сонымен қатар азамат­тардың конституциялық құқық­тары мен бостандықтарын бұзатын жария билік актілерін де бақылауы маңызды мазмұнға ие, бұл азаматтарды конститу­ция­лық-құқықтық қорғаудың ең маңызды бағытын құрайды.

Екінші басымдық – Парла­мент және заңнамалық қамта­ма­сыз ету. Конституция норма­тивтік жақтауларды құрайды; олардың шынайы мазмұны қа­былданатын заңдардың сапасы­на байланысты. Парламент – ең алдымен парламенттік бақылау, табиғи ресурстардың ашықтығы және азаматтардың құқықтарын қорғау саласында конституция­лық принциптерді жүзеге асы­ра­тын заңдар пакетін қабылдауы керек. Халықтық бақылаудың негізгі құралдарының бірі – қа­зақтың халық жиналысы дәстүр­леріне сүйенетін институт – Құрылтай туралы конститу­ция­лық заң болуға тиіс. Құрылтай­дың сәндік емес, нақты өкіл­еттіктерге ие болуы принципті түрде маңызды: әрбір заң жоба­сына Үкіметтің рұқсатымен шек­телмейтін заң шығару бас­та­масы құқығы; заңның орын­далуы бойынша атқарушы билік органдарына тиімді сұрау салу құқығы; азаматтық мониторинг нәтижелері бойынша парла­менттік тергеулерді бастау құқығы.

Үшінші басымдық – Цифр­лық Парламент күнделікті ха­лықтық егемендік құралы рет­інде. Қоғамдық тыңдау­лар­дың ағымдағы дәстүрлі механ­изм­дері азаматтардың заң шы­ғарма­шы­лығына тек формалды қатысуын ғана қамтамасыз етеді. Азамат­тарға заң шығару қызметіне нақ­ты ықпал ету тетіктерін ұсынатын цифрлық платформа құру қажет: жасанды интеллек­тіні пайдалана отырып заң жоба­ларына тәуелсіз құқық­тық талдау жасау, нақты түзету­лер ұсыну және заң мәтінд­ерін жазу құралдары, заң нормала­рының орындалуын және қо­ғам­дық қатынастарға тиімді әсерін тексеру мақсатында ол­ар­дың реттеушілік тиімділігіне нақты бағалау. Мемлекет бас­шы­сы 2025 жылғы 14 қазанда Парла­менттік реформа жөнін­дегі жұ­мыс тобының бірінші отыры­сында атап өткендей: «Мүмкін, жақын арада e-Parliament елі­мізде қазіргі e-Gov сияқ­ты таны­мал құралға айналар». Цифр­лық Парламент құру –  бұл технологиялық жоба емес, инс­титуционалдық реформа: халықтық егемендікті конститу­циялық декларациядан азамат­тық қатысудың күнделікті жұ­мыс істейтін құралына айнал­дыру.

Азаматтардың референ­дум­да жаңа Конституцияны алдағы уақытта мақұлдауы – бұл конс­титуциялық құрылыстың аяқ­талуы емес, оның ең күрделі прак­тикалық іске асыру фаза­сының басталуы. Дәл осы кез­еңде 2026 жылғы Конститу­цияның шынайы институ­ционал­дық жаңғырту құралына ай­налу, айналмауы анықталады. Бүгінде қоғам алдында тұрған мақсат – жобаны декларативті түрде сынау емес, құқық қол­дану тетіктеріне шоғырлану: аза­маттардың әл-ауқаты Конс­ти­туция мәтінімен емес, құқық қолдану сапасымен, соттардың тәуелсіздігімен және биліктің халық алдындағы шынайы жау­ап­кершілігімен айқын­дал­ады.

Қанатбек САФИНОВ,

заң ғылымдарының докторы,

профессор, Мемлекеттік

басқару және құқық

институтының директоры