PIRLS-2026 зерттеуінің алтыншы цикліне 50-ден астам ел қатысуда.
Қазақстандық мектептерде оқушылардың білім сапасына баға беріледі
Фото: gov.kz
94
оқылды

1 сәуір-15 мамыр аралығында еліміздің білім беру ұйымдарында білім сапасын бағалауға арналған PIRLS-2026 және TIMSS-2027 халықаралық зерттеулері өткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

PIRLS – 4-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын бағалауға бағытталған халықаралық зерттеу. Қазақстан атынан зерттеуге 219 мектептен 8 800-ден астам оқушы қатысады. Сонымен қатар зерттеу сауалнамасына 8 800- ге жуық ата-ана, 400-ге жуық мұғалім және 219 білім беру ұйымының басшысы қатысады, – делінген Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.