Оның айтуынша, қазір бір мамандықпен шектелуге болмайды.
«Өздеріңе сеніңдер...»: Мөлдір Мұқан қыздарына қандай кеңес беретінін жеткізді (видео)
176
оқылды

Продюсер Мөлдір Мұқан jibek_joly телеарнасының “Bugin live” бағдарламасына берген сұхбатында қыздарына қандай ақыл-кеңес беретінін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Оның айтуынша, қазір бір мамандықпен шектелуге болмайды.

“Қыздарыма өздеріңе сеніңдер деп үйретемін. Қазіргі дамыған заманға сай адам үнемі даму үстінде болу керек. Адам мен әнші екенмін деп, тек ән айтуға немесе журналиспін деп осы маңайда жүре беруге болмайды. Қазір жан-жақты болуды талап ететін уақыт. Сондықтан әнші болсаң, желіге өзің жүкте, оның таралуына еңбек ет. Сырттан адам іздеп керек емес. Бір адам 5-6 мамандықты алып жүруге болады. Жағдай жасалған, барлығы бар өте әдемі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Балаларыма соны пайдаланыңдар деймін. Өзім сырттан маман іздемеймін. Қызым Әдемі әндерімді платформаларға жүктеп береді. Ол үшін жалақы алады”, — дейді ол.

Сонымен қатар бала тәрбиесінде қатал емес екенін жасырмады. Қандай мәселе болсын, сабырмен, асықпай сөйлесіп шешетінін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.