12 сәуір күні Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Гүлдала ауылындағы мейрамханалардың бірінде қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
20 жастағы жас жігітке 10-нан астам адам жабылып, соққыға жыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер жігітті қоршап алып, оған пышақ жарақатын салған. Жас азамат оқиға орнында көз жұмған. Оқиға кезінде ондаған куәгер болғаны хабарланды.
Полиция адам өлтіру фактісін растады. Күдікті ретінде 20 жастағы азамат ұсталып, қамауға алынды. Сонымен қатар бұзақылық дерегі бойынша тағы үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, екі адамға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Кәмелетке толмаған тұлғаға оқшаулауға байланысты емес шара қолданылған.
Барлық куәгер анықталып, жауап алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше бақылауында.
