Атырау қаласында жеке балабақша ретінде пайдаланылған ғимараттың кіреберіс бөлігінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға Б. Соқпақбаев көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйде болған. Аталған нысан балабақша ретінде қайта жабдықталған.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін мекеме қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде 8 баланы қауіпсіз жерге өздері эвакуациялаған.
Құтқарушылар тілсіз жауды жедел сөндірді. Өрттің жалпы аумағы 24 шаршы метрді құрады.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
