Зардап шеккендер жоқ
Көлсайда 150 метрлік шатқалға түсіп кеткен автокөлік шығарылды
Видеодан скриншот
175
оқылды

ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» қызметкерлері Алматы облысының тауларында микроавтобусты жедел түрде шығарып алды,  - деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысында «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында микроавтобус еңістен сырғып кетіп, шамамен 150 метр тереңдіктегі шатқалға құлап түсті.

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлері жақын маңда болып, гидробекет салу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде оқиға орнына жедел түрде араласты. Алматы облысы ТЖД күштерімен бірлесіп, көлік құралы қолжетімсіз аумақтан сәтті шығарылды.

Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада