Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Алматыда лифт ішінде қызға шабуыл жасаған ер адам ұсталды
121
оқылды

Алматы қаласында тұрғын үй подъезінде болған агрессиялық әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Кадрлардан ер адамның жеделсаты күтіп тұрған сәтте қабырғаларды ұрып, агрессивті мінез-құлық танытқаны байқалады. Кейін ол жанында тұрған қызға шабуыл жасап, шашынан тартып, лифт ішінде күш қолданған.

Құқық қорғау органдары 26 жастағы күдіктіні оқиға орнында анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша қоғамдық орында агрессивті мінез-құлық таныту және денсаулыққа зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктінің әрекетіне құқықтық баға берілуде.

Полиция мұндай зорлық-зомбылық әрекеттеріне мүлдем жол берілмейтінін және барлық құқықбұзушылық қатаң тоқтатылатынын ескертті. Сондай-ақ азаматтарды кез келген күмәнді жағдай туралы дереу хабарлауға шақырды.