Астана қаласында (Coventry University Kazakhstan) классикалық шахматтан өтіп жатқан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатында жаңа чемпион шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ерлер (Open) жүлдегерлер:
1. IM Сауат Нұрғалиев (2464, Астана) – 9 ұпай
2. IM Жандос Ағманов (2473, Астана) – 8,5 ұпай
3. GM Рамазан Жалмаханов (2464, Алматы) – 8 ұпай.
Әйелдер арасында да тартыс соңғы сәтке дейін сақталды. Нәтижесінде, алғашқы төрттіктегі шахматшыда бірдей ұпай. Орындар тек қосымша көрсеткіш бойынша анықталды.
Жүлдегерлер:
1. Лия Құрманғалиева – 9 балл
2. Зарина Нұрғалиева – 9 балл
3. Елназ Қалиахмет – 9 балл.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
