Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Үсік жүреді, жел тұрады: 21 мамырға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
133
оқылды

Қазгидромет 21 мамырда ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей өңірлерде тұман түсіп, бұршақ жауады, үсік болып, жел күшейеді.

Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.

Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел болады. Күндіз өңірдің оңтүстігі мен шығысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта 23–28 м/с дейін күшейеді. Көкшетауда түнде жаңбыр жауып, кей уақытта нөсер болуы мүмкін, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел болады. Күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Петропавлда түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градус үсік болуы мүмкін. Қостанайда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел күтіледі. Солтүстіктен соққан жел облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с дейін күшейеді. Павлодарда жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысында таңертең және күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз ауа температурасы 15–17 градусқа дейін төмендейді.

Ұлытау облысында күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, екпінді жел болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады. Жезқазғанда күндіз желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз өңірдің солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын жел облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде 15–20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік болады. Өскеменде күндіз желдің екпіні 15–18 м/с.

Абай облысында күндіз өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысында күндіз өңірдің оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта 15–20 м/с дейін күшейеді. Алматыда күннің соңына қарай өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз желдің екпіні 15–18 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей уақытта 15–20 м/с болады. Іле Алатауы тауларында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігі мен шығысында 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында күндіз өңірдің оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай болады. Таулы аймақтарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15–20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Таразда күндіз жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысында күндіз өңірдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Облыстың солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан және солтүстіктен соғатын желдің екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысында түнде өңірдің солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың солтүстік-шығысында 15–20 м/с, күндіз де 15–20 м/с, ал оңтүстікте кей уақытта 23 м/с жетеді. Ақтөбеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің екпіні 15–18 м/с.

Атырау облысында күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Облыстың шығысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15–20 м/с жетеді. Күндіз аптап ыстық болып, ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Атырауда күндіз шаңды дауыл болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында және оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с болады. Оралда да күндіз желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз өңірдің солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен орталығында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.