Өрт ошақтары бастапқы кезеңде байқалып, дер кезінде оқшауланды.
Елімізде бір тәулік ішінде 5 орман өрті тіркелген
фото: www.istockphoto.com
167
оқылды

28 маусым күні Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында бес бірдей өрт тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің негізгі себебі найзағай түсуі болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт ошақтары Ақмола және Алматы облыстарында, сондай-ақ "Семей орманы" мен "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарының аумағында анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Ерте анықтау жүйесінің арқасында өрт ошақтары бастапқы кезеңде байқалып, дер кезінде оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттердің басым бөлігі найзағай разрядтарының салдарынан шыққан.

Экология министрлігі қазір ел аумағында өрт қаупі жоғары кезең жүріп жатқанын еске салып, азаматтарды орман мен далада қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.