Астананың Алматы ауданындағы Орхон көшесінде жеңіл көлік өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтады.
Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт қысқа уақытта толық сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
